“Математика ақыл ойдың мәңгілік шұғыласы”
Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу мақсатында “Математика ақыл ойдың мәңгілік шұғыласы” тақырыбында математика пәні мұғалімі Серғазиева Жансая апайдың ұйымдастыруымен, 6 а,б сынып оқушылары арасында сыныптан тыс ойын-сайыс сабақ өтті.