03
октябрь
2023
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
Қазақстан мектептерінде ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы ашылады. "Министрлік оқушылармен, ата-аналармен және қоғаммен идеологиялық жұмысты жандандыруға бағытталған 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасын әзірледі. Осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары жұмыс істей бастайды. Олардың ең бірінші басымдығы – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуін күшейту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту", деді министр.
Осы мақсатқа негізделіп Абай атындағы орта мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ашылды. Құрметті оқырман құттықтап қойсаңыздар болады!☺️
Осы мақсатқа негізделіп Абай атындағы орта мектебінде "Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" ашылды. Құрметті оқырман құттықтап қойсаңыздар болады!☺️
