"STARTUP" байқауы » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімі "Абай атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"Абай атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
декабрь
2025

"STARTUP" байқауы

Абай атындағы орта мектебінде «SMART BALA» жобасы аясында ұйымдастырылған «Startup» байқауы өткізілді. “Startup” байқауы-жас ұрпақтың инновациялық және кәсіпкерлік әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды бастама. Бұл байқау қатысушылардың шығармашылық ойлауын, шешендік қабілетін және іскерлік дағдыларын шыңдауға мүмкіндік берді.
📌 Байқаудың мақсаты:
- Инновациялық жобалар арқылы оқушылардың құндылықтарды түсінуін және ілгерілетуін қамтамасыз ету;
- Кәсіпкерлік және инновация саласында қызығушылығын ояту және дағдыларын дамыту.
🧠 Қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Жобалар тұрақты даму, болашақ технологиялар, экология және әлеуметтік инновациялар тақырыптарын қамтуы тиіс;
- Жаңашылдық: жоба белгілі бір мәселені жаңа немесе жетілдірілген тәсілмен шешуі қажет;
- Мүмкіндік: нақты іске асыру жоспарының болуы
🎤 Презентация:
- Қатысушылар 5–7 минуттық қысқаша баяндама арқылы өз жобаларын таныстырды;
- Көрнекі құралдарды (слайдтар, бейнероликтер) пайдалану құпталды, бірақ негізгі назар ауызша баяндауға аударылды.
🏆Байқаудың нәтижелері:
- Қатысушылар өздерінің инновациялық идеяларын ұсынып, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жобаларын қорғады;
 - Қатысушылар идеяның жаңашылдығы, нарықтағы өміршеңдігі, қатысушының тәжірибесі мен қабілеттілігі, жобаның қаржылық тартымдылығы сияқты критерийлер бойынша бағаланып,марапатталды. 
«SMART BALA» жобасы аясындағы «Startup» байқауы оқушылардың шығармашылық және кәсіпкерлік қабілеттерін дамытуға, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыруға және болашақта табысты кәсіпкерлер мен жаңашыл тұлғалар ретінде қалыптасуына зор үлес қосады деген үміттеміз!









           www.instagram.com/reel/DSFek5ajNen/?igsh=MTVnZGlnaW9oMjBzMA==
 
 Байқауды ұйымдастырған: ДБІЖО Ш.Касымова
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив