
13.05.2022 жылы мектебімізде аудандық ХХІІІ Абай оқулары байқауы өткізіліп, ауданның 15 мектеп оқушылары 5 номинация бойынша қатысып, мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары жүлделі орындарға ие болды. Айта кетсек, 9А сынып оқушылары Көркембек Балауса Абайдың Қара сөздері бойынша ІІІ орынды иеленсе, 8а сынып оқушысы Құрманәлі Жания Арнау номинациясы бойынша І орынды иеленді және 9а сынып оқушысы Еркінәлі Еркетай ән номинациясы бойынша ІІ орынды иеленді. Байқауды ұйымдастырушылары: мектебіміздің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері Дүйсеметова С., Эшанкулова Г., Адамкулова Ш., Жайлаубаева Н.