25
октябрь
2023
Алаш азаматтарын ұлықтау
"Ежелден азаттық аңсаған алаш азаматтары"
Алаш арыстарының педагогика, психология, әдістеме саласындағы еңбектері бүгінгі қоғамның білім беру талаптарына толық жауап бере алады. Сондықтан оларды білім беру жүйесіне мақсатты түрде енгізу біздің азаматтық борышымыз болуы керек. Алаш идеясы – бүгінгі Қазақстанның да басты идеяларының бірі болуы тиіс. Ал, бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің негізгісі – Алаш идеясын ұрпақ бойына сіңіру.