Мектеп туралы
Абай орта мектебі «Жаңа тірлік», «Ынталы» бастауыш мектептер негізінде құрылды. Бастауыш мектепте Тышқанбаев Көшен дәріс берді. Одан кейін бастауыш мектеп Абай атындағы орта мектепке ауысты. Ол жылдары мектепте Иманқұлов Қорабай, Қожамұратов Татыбай, Әжібаев Исақ, Тәңірбергенов Дәулеталы, Көшербаева Сауле атты ұстаздар дәріс берсе, мектепті 1965-1970ж. Ордалы Кәдірімбетов басқарды, Бекболатов Әуесбек оқу ісінің меңгерушісі болды.
1967-1976 жылдары мектеп директоры Бекболатов Әуесбек мектеп директоры болып, оқу ісінің меңгерушісі Байжарасова Көрпеш болды.
1977-1978 оқу жылында мектеп орта мектепке ауысты.
1984-85о.ж. мектеп жаңа ғимаратқа көшті. Мектеп директоры болып Байжарасова Көрпеш тағайындалып, Орынбасаров Ізтілеу оқу ісінің меңгерушісінің міндетін атқарды, Омарова Бибізада Жинақбай қызы директордың тәрбие жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
1998-2001жылдары Қосдаулетова Жанат ,2001-2002 жылдары Әмірбеков Жамбыл директор болды.
Осындай 80 жылдық тарихы бар білім ордасында Рысбек Жанжарбек Рысалдыұлы 2002 жылдан бастап қайта мектеп директоры болып қызмет атқарды.
2012 жылдан бастап мектеп директоры қызметін Ф.Сыздықова атқарып келеді.
Бүгінгі таңда мектеп ұжымы жжсабақ беру мен өскелең ұрпақ тәрбиелеудің үрдісіне көшкен.Мектепке барынша заманауи электрондық құралдар мен жабдықталған Мультимедиа кабинеті жұмыс істейді.Онда мұғалімдер заман тaлабына сай сабақтар өткізеді.
Қазіргі таңда білім сапасы ҰБТ нәтижелерінен көрінеді.2014 оқу жылында жалпы орта балл 80,71,73-ті құрайды Биылғы оқу жылы барысында мектеп бітірушілердің байқау сынақтарының жалпы орта балы 78%құрап отыр.Жалпы мектеп білім сапасы80-90% пайыз аралығында.
Мектебімізде Сыздықова Айман,Дүйсеметова Сәуле, Рысалдиева Бақыт ,Ізбасаров Барбол және кітапханашы Шалабаева Рая, биология пәнінің мұғалімі Кенжебекова Айгүл шығармашылықпен ізденіс үстінде шәкірттерге терең білім ,өнегелі тәрбие беруде.
Ұжым мүшелері түгелдей жаңа технология әдіс-тәсілдерін меңгеруде.
Мектеп бастауыш, орта буын және жоғарғы сынып оқушылар арасында дарынды оқушыларынан құралған «Мөлдір бұлақ» ғылыми қоғамы жұмыс істейді.
Онда мектептің төл басылымдары «Тіл-дария» және «Дарын» ғылыми журналдары жарық көреді.
Сонымен қатар оқушылар аудандық ,облыстық ,ғылыми жобалар байқауларына қатысады.Әдістемелік бірлестік жетекшілері мектепте құрылған «Ынтымақ» тәрбие орталығының жұмысын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Устемирова Ақбаян жүргізуде.
Мектеп спорт жетістіктері жөнінен аудан бойынша алдыңғы қатарда көрінуде. Тәлімгер ұстаз денешынықтыру пәнінің мұғалімі Ізбасаров Барболдың ықпал етуімен осы пәннің қалған жас мамандары валейбол,футбол,баскетбол,шахмат үйірмелерін жүргізеді. Салауатты өмір салтын ұстанған жастар түрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып келеді.
Биылғы 2014-2015 оқу жылында:
Мұғалімдер саны -43
Жоғарғы білімдісі -36
Жоғарғы санаты -4
Бірінші санатты -16
Екінші санатты - 9
Оқушылар саны – 240
Пән кабинеттері – 15
Бастауыш сынып кабинеті – 6
Мектептің жұмыс істейтін тақырыбы: «Оқу тәрбие үрдісінде жаңа технологияларды енгізе отырып, қоғам талабына сай шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу»
Мұраты: «Егеменді еліміздің терең білімді, тәрбиелі, ұлтжанды азаматын қалыптастыру».