29
апрель
2025
Серіктес мектептер семинары
Жамбыл мектеп гимназиясында “Серіктес мектептер арқылы мектепаралық сабақтастықтың тиімділігін арттыру” жетекші мектептің серіктес мектептермен жүргізілетін аудандық қорытынды семинары өткізілді. Семинар бағдарламасы бойынша серіктес мектептер мұғалімдері сабақтар өткізіп, коучинг ұйымдастырып, іс-тәжірибе таратты. Қорытынды іс-шарада мектебіміздің тәжірибе алмасқан келесі педагогтар Сертификатпен марапатталды:қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Эшанкулова Г.А., бастауыш сынып мұғалімдері Райсова К.А., Молдакулова Ш.Б.,география пәні мұғалімі Тасибекова А.А., орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Досимова Р.Б., директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Касымова Ш.К.














